Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басты міндеттерін атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Президент Twitter желісінде жазды.
"Мемлекеттің басты міндеті – отандастарымыздың игілігі мен тұрмыс сапасын қамтамасыз ету. Әділ бәсекені дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы – жаңа экономикалық бағыттың негізгі қағидалары", — деп жазды ол.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкімет ұлттық валютаның тұрақты бағамын қамтамасыз етуге басымдық беруге тиіс екенін айтты.
"Теңгені бекемдемей және инфляцияны төмендетпей, орнықты экономикалық өсімге қол жеткізу, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, инвесторлардың сеніміне ие болу мүмкін емес", — деп жазды Тоқаев.