Оның айтуынша, коммюникенің мақсаты- Каспий аймағында қарулануға жол бермеу, теңіздің құқықтық мәртебесі дәйектелгенге дейін өңірде тұрақтылықты сақтау болып табылады. Осы орайда М.Әшімбаев бұл келісімге тек Каспийді қоршаған мемлекеттер ғана емес, сондай-ақ, «Каспийге қатысты ойынға » байланысы бар АҚШ пен Еуропа да, осы өңірде мүддесі бар басқа барлық мемлекеттер де қатыстырылуы тиіс деп атап көрсетті. Ондай елдер қатарына осы өңірде мұнай және газ өндіретін, Каспий мұнайын сатып алатын, мұнайды әлемдік рынокқа шығару тұрғысынан Каспий аймағымен бәсекелес мемлекеттер қамтылады деді М.Әшімбаев.