Қарағандыда енесі күйеу баласының ақшасын ұрлап, пәтер сатып алған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда енесі күйеу баласының ақшасын ұрлап, пәтер сатып алған

Қарағандыда енесі күйеу баласының ақшасын ұрлап, пәтер сатып алған

Қарағандыда енесі күйеу баласының ақшасын ұрлап, пәтер алған. 2 миллион теңгеге жуық ақша ұрлаған әйел ұсталды.

  • 31 Қаңтар 2022
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

25 қаңтар күні Қарағанды полиция басқармасының Михайлов бөлімшесіне 39 жастағы тұрғын шағым түсірді. Ол 1 962 000 теңге көлемінде қаржы ұрланғанын хабарлады. 

Зардап шегуші жиған-терген ақшасын 60 жастағы енесіне берген болып шықты. Әйел ақшаның тонаушылардың қолына түскенін айтқан. Істі тергеген полицейлер ұрлыққа әйелдің өзі барғанын анықтады. Ол ақшаға пәтер сатып алған. 

Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүруде.