Журналистермен кездесуде Кеннет Уоллок :»Біз дүниежүзінде демократиялық үрдістерді тарату және дамыту жұмысымен айналысамыз. Бірақ біз демократияны елдерге күштеп таңбаймыз, өз тәжірибемізбен бөлісеміз»,- деп атап көрсетті. Ол осы орайда ҰДИ — штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан, дүниежүзінің барлық аймақтарында 50- ден астам өкілдіктері бар үкіметтік емес ұйым екенін хабарлады.
Қазақстан Елбасымен кездесуді Кеннет Уоллок «жемісті кездесу» болды деді.
«ҚР президенті кездесу барысында Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалар туралы » әңгімелеп берді деді К.Уоллок. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, экономикалық даму барысындағы демократияландыру процессінің маңызын жоғары бағалаумен бірге, Қазақстандағы болашақ парламент сайлауы, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың ролі мемлекетті ілгерілетудегі ролі туралы өз ой-пікірін ортаға салды ,- деді К.Уоллок.