Мәселен, Еңбекші қазақ ауданының бір әйел тұрғыны шетелдік төлқұжатын рәсімдеу мерзімін жеделдету үшін көші-қон полициясының қызметкеріне 150 доллар пара беруге талпыныс жасады.
Ал Сарқанд ауданында осындағы ішкі істер бөлімінің тергеушісіне әкесіне қатысты қылмыстық істі доғарту үшін 6 мың теңге пара бермек болған бір еркек ұсталды.
Сондай-ақ, Алматы қаласының іргесіндегі Каменка ауылында қалалық ІІБ 9-шы басқармасының қызметкеріне материалдық тексеру бойынша оңды шешім шығарту үшін, ал Үштөбе қаласында аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісіне қылмыстық іс бойынша оңды шешім шығарту үшін пара беру оқиғалары тіркелді.
Аталмыш деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды.