Дәрігер қазақстандық балалар омикрон штамын қалай көтеретінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігер қазақстандық балалар омикрон штамын қалай көтеретінін айтты

Дәрігер қазақстандық балалар омикрон штамын қалай көтеретінін айтты

Алматы қалалық Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жұқпалы аурулар кафедрасының доценті, жоғары санатты инфекционист Марина Головенко коронавирустың омикрон штамы балаларда қалай көтеретінін және оның дельта штамынан қандай айырмашылығы барын айтып берді.

  • 9 Ақпан 2022
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігердің айтуынша, омикрон белгілері вирустық инфекцияға тән.

"Сондықтан да қызу көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, бұлшықет ауыруы түрінде интоксикация белгілері байқалады. Мысалы, Уханда табылған бірінші штамымен салыстырғанда, иіс сезбей қалу сияқты белгілер сирек. Жалпы иіс сезу басым көпшілігінде сақталады. Дельтамен салыстырғанда диарея әлдеқайда аз кездеседі. Дельта жұқтырғанда диарея жиі болады. Омикронда катараль көріністер айқынырақ, яғни бұл — мұрыннан су ағуы, түшкіру, жөтелу, жиі дауыстың қарлығуы. Бұл негізгі айырмашылықтар", — деді Головенко.

"Екпе алған және алмаған балалар арасындағы айырмашылықты айту қиын. Өйткені дүниежүзінде балаларды вакциналау жақында ғана басталды. Ал бізде вакцина алған балалар контингенті өте аз. Бізге ауруханаға келген балалар вакцина алмаған және олар кішкентай балалар. Үлкен балалардың ауруханаға жатқызылу ықтималдығы аз. Бірақ ересектердегідей, вакцина алғандар ауруды жеңіл өткереді деген жалпы тенденция әлі де бар", — дейді дәрігер.

Дәрігер омикроннан айығу уақыты дельтамен салыстырғанда қысқа екенін айтты.


"Вирус тез енеді, қысқа инкубациялық кезеңде әсер етеді: бір күн, бір жарым немесе екі күннен кейін ол бәсеңдейді. Бұл омикронның ерекшелігі", — деп түйіндеді алматылық дәрігер.