Ер азаматтың жанында анасы болса, ол үйдің иесі бола алмайтыны анық - Жәния Джуринская - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ер азаматтың жанында анасы болса, ол үйдің иесі бола алмайтыны анық - Жәния Джуринская

Ер азаматтың жанында анасы болса, ол үйдің иесі бола алмайтыны анық - Жәния Джуринская

Танымал актриса Жәния Джуринская жас жұбайлардың өз баспанасы болуы керек деп санайды.

  • 18 Ақпан 2022
  • 3335
Фото - Caravan.kz

Отбасындағы ене мен келін арасындағы қарым-қатынас әрқашан өзекті, деп жазады Экспресс К.

Джуринская жаңа түскен келінге енемен бір шаңырақ астында тұрмауға кеңес береді. Себебі, ер азамат отбасының иесі бола алмайды екен. Сондықтан жас жұбайлар ата-енеден бөлек тұруы қажет.

Отбасындағы адамдардың рөлі өзгеріп шыға келеді. Ене — әйел, келін — қыз, ұл — күйеудің рөлін бейсаналы түрде ойнайды. Оны өздері де байқамауы мүмкін. Әрине, ер азаматтың жанында анасы болса, ол үйдің иесі бола алмайтыны анық,

— дейді
актриса
.

Мұндай жағдайда тығырықтан шығудың бір-ақ жолы бар. Ол зәулім үй сатып алу екен.