Кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан астаналық ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан астаналық ұсталды

Кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан астаналық ұсталды

 Нұр-Сұлтан полициясы бірқатар жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, нәтижесінде интимді қызметке байланысты деректер анықталды. Арасында заңсыз бизнеске 18 жасқа толмаған қызды тартқан ер адам бар.

  • 3 Наурыз 2022
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Интимдік қызмет көрсету фактілерін анықтаған жедел уәкілдер 24 жастағы ер адамды ұстады.

"Ол кәмелетке толмаған қызды үш ай бойы жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Егер тергеу барысында және сотта айыпталушының кінәсі дәлелденсе, бап санкциясына сәйкес оның мүлкі тәркіленіп, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге қамауға алынады.

"Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан полициясы 25 және 28 жастағы әйелдерді ұстады. Олар ақшалай сыйақы үшін массаж салондары түріндегі притондарда клиенттерді интимдік қызмет көрсететін қыздармен байланыстырған", — деп толықтырды полиция.


Құқық қорғау ведомствосының баспасөз қызметінің мәліметінше, "STOP трафик" жедел алдын алу шарасы басталғалы 31 адам анықталып, есепке қойылды.

Қазақстанның Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 450-бабы бойынша интимді қызмет көрсетуге үй-жай бергені үшін үш адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.