Таразда "Жасөспірім : проблемалар және заң" тақырыбындағы акцияның қорытындысы шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда "Жасөспірім : проблемалар және заң" тақырыбындағы акцияның қорытындысы шығарылды

Таразда "Жасөспірім : проблемалар және заң" тақырыбындағы акцияның қорытындысы шығарылды

Таразда құқық қорғау мекемелерінің үйлестіру кеңесі биылғы оқу жылының соңында ұйымдастырылған "Жасөспірім : проблемалар және заң" тақырыбындағы акцияның қорытындысын шығарды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Шiлде 2003
  • 2106
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облыстық прокуроры Қабдолла Төлегеновтың өз баяндамасында атап көрсеткеніндей, акция аясындағы бір айдың ішінде 56 жасөспірім сотқарлығы және ішімдікке әуестігі үшін , ал 26 ата-ана бала тәрбиесі жөніндегі міндетін тиісті деңгейде орындай алмағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Шара барысында қаңғыбастыққа бой алдырған 100 жасөспірім айқындалып, кәмелеттік жасқа жетпеген 34 бала уақытша оқшаулау, бейімдеу және сауықтыру орталығына орналастырылды.

Жамбыл облысы бойынша тұтастай алғанда ішкі істер органында тіркеуде тұрған 812 берекесіз отбасында 1381 бала тәрбиеленеді. 53 адам ата-аналық құқығынан айрылған.
Сонымен бірге акция аясында прокуратура бюджет қаржысын мақсаттан тыс пайдалану дерегін әшкереледі. Мәселен, мектеп игілігіне жұмсалатын қаржының 1 проценттен кем емес мөлшері кедей отбасынан оқитын балаларға арналуға тиіс. Алайда Жамбыл облыстық білім беру басқармасы бұл мақсатқа тиісті 3,7 млн. теңгенің орнына небәрі 1,5 млн. теңге бөлген. Оның өзінде бұл қаржының тең жартысынан астамы, яғни, 800 мың теңгесі жаңа жыл меркесін өткізу және мектеп түлектеріне арнап аттестат сатып алу мақсаттарына жұмсалған. Соның салдарынан 72 тұлдыр жетім, 939 жартылай жетім бала мен көзі тірі болса да ата-ананың мәпесіне зәру кәмелеттік жасқа жетпеген 112 жасөспірім тиісті көмек-жәрдемнен қағылған деп мәлімдеді Қ.Төлегенов.
Сонымен қатар, 458 орта мектептің 90-ы білім беру жөніндегі лицензиясыз жұмыс істегені белгілі болды.
Акция нәтижесінде 6 қылмыстық іс қозғалып, 55 лауазым иесі тәртіптік, 127 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заң бұзудың себеп-салдарын арылту жөнінде 27 ұсыныс жолданып, 12 шағым түсірілді.