Шымкентте студенттерді жұмыспен қамту орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.33
  • 566.3
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте студенттерді жұмыспен қамту орталығы ашылды

Шымкентте студенттерді жұмыспен қамту орталығы ашылды

Шымкентте студенттерді жұмыспен қамту орталығы ашылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің проректоры Нұржан Әлтаев хабарлады.

  • 11 Шiлде 2003
  • 3532
Фото - Caravan.kz

Орталық Университет түлектерін жұмыспен қамту мақсатымен жұмыс берушілер және студенттер арасында байланыс орнатуды көздейді.

Н.Әлтаевтың айтуынша қазірдің өзінде университеттің биылғы 10 шақты түлегі жұмыс тауып алған. Орталық іс-қызметіне жергілікті коммерциялық құрылымдар қызығушылық таныта бастапты.
Студенттерді жұмыспен қамту орталығында студенттердің толық тізімдер жинағы жасалады. Қазір түлектер туралы мәлімет базасы дайындалуда. Болашақта ол тізімге 3-4-ші курс студенттері де қамтылады.