"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу жобасының атауының өзі үлкен мәнге ие" - Экономист - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу жобасының атауының өзі үлкен мәнге ие" - Экономист

"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу жобасының атауының өзі үлкен мәнге ие" - Экономист

2021 жылдың күз айларына қарай Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасын әзірледі.

  • 17 Наурыз 2022
  • 189
Фото - Caravan.kz

Ұлттық жобаның бірінші бағыты — шикізаттық емес секторға инвестициялардың өсуі, сондай-ақ құн жасаудың жаһандық және өңірлік тізбектеріне кіру негізінде экономиканы әртараптандыру.

Екінші бағыт — жоғары өнімді жұмыс орындарын құру арқылы халықтың табысының өсуі.

Үшінші бағыт — төмен көміртекті даму тенденциясын ескере отырып, ЖЭК негізінде энергия өндірудің озық дамуы.

Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұл ұлттық жоба қарапайым қазақстандықтарға не береді? Оның мақсатына қандай? Экономикалық тұрғысынан қандай?

Осы және өзге де сұрақтарға экономист, Progente экономикалық зерттеу орталығының жетекшісі, Халықаралық Бизнес Университетінің аға оқытушысы Мақсат Халық Caravan.kz медиа порталының тілшісіне жауап берді.

— Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасын әзірледі. Бұл жоба туралы маман ретінде ойыңыз қандай? Бағыты, мақсаты туралы не айтасыз?

— Ең алдымен Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық бағдарламасы туралы ойым мынадай: Бағдарлама әзірленген, бекітілген. Президенттің қолы қойылған. Бұл жерде өте көптеген әлеуметтік асптегілер қамтылған. Осы жоспардың аясында біраз халықтың табысын арттыру бойынша әрекеттер жасалынып жатыр.  Бұл былтыр қабылданған ұлттық жоба. Сондықтан да қаңтар оқиғасын еске ала отыра, жобаға сәл өзгеріс керек секілді деп ойлаймын.

— Осы жоба бойынша қандай ұсынысыңыз бар? Ең бірінші кезектен неден бастау керек?

Негізі бұл жобаның атауының өзі үлкен мәнге ие. Бұл қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталады. Әл-ауқаты дегеніміз — өмір сүру сапасы, өмір сүру сапасы қашан жақсы болады? Табысы артқан кезде жақсы болады. Сондықтан осы мәселе өте маңызды деп есептеймін. Сонымен қатар, тұрақты экономикалық өсу. Экономикада экономикалық даму, экономикалық өсу деген ұғым Sustianable development терминінен аударылады. Оны тұрақты деп айтып жатады, бір жерде орнықты деп айтып жатады. Тұрақты экономикалық өсуді көп адамдар тек экономикалық қаржы саласындағы өсім, қаржы саласындағы өркениет деп қана ұғынады. Ал бірақ та терминнің мағынасы — ол үш үлкен тағаннан тұрады. үш діңгегі бар. Біріншісі ол — әлеуметтік мәселе, яғни халықтың әлеуметтік жағдайы. Екіншісі — экологиялық мәселелерді қамтиды. Яғни, қоршаған ортаға кесірді тигізбейтіндей етіп экономикалық жолдарды қарастыру. Зауыт, фабрика құрылатын болса да, жұмыс жасайтын болса да қоршаған ортаға, табиғат әлеміне, азаматтарымыздың денсаулығына, ауаның тазалығына ең маңыздысы осы маңызды мәселелерге мән берілетіндей болу керек. Сондай-ақ, экологиядан кейін барып қана экономика қарастырылады.Осы үш дүние тұрақты дамыған кезде ғана тұрақты экономикалық өсім болады. Осы мәселелердің барлығына қарап отыратын, соны теңестіре алатын, қамти алатын ұлттық жоба болу керек деп есептеймін.

Ал енді нақты ұсыныстарға көшетін болсақ, мен көп жерде айтып жүрмін. Бізде статистикалар қате. Елімізде кедейлердің саны нақты анықталмаған. Статистикаға қарасақ, бізде 4-8 пайыз халық кедей деп айтылады. Бірақ,  дүниежүзілік банктерге қарасақ, Қазақстанда кедейшілік 12 пайыздан көп дейді. Демек, біздегі кедейшіліктен 3 есеге дейін көп болып тұр. Сондықтан біздегі статисиканың қателігін айтқым келеді. Мүмкін ол бізде шын мәнінде реалды түрде есепке қарасақ 12 пайыз емес те шығар. Мүмкін дүниежүзілік банк асыра айтып та тұрған шығар. Онда біз реалды көрсеткішті айтайық. Ол қанша? 10 пайыз ба, 9 пайыз ба міне осыны біз шығаруымыз керек деп ойлаймын. Кейбір адамдар айтып жатады кедейлердің санын осылай деп көп қылып көрсеткеннен қандай абырой береді деп жатады. Бірақ, мен айтқым келетіні біз реалды жағдайды ашып айтпай, біз қоғамда өзгерістер жасай алмаймыз. “Ауруын жасырған өледі”, — дейді қазақ. Сондықтан да біз ішіміздегі осындай проблемаларды ашық айтқанымыз дұрыс. Соңғы уақыттарда Президентіміздің өзі көп айта бастады. “Халықтың көп бөлігі 50 мың теңгенің көлемінде табыс табады. Халықтың әлеуметтік жағдайы қиын” , — деп президенттің өзі айта бастады. Бұл деген сөз – алдағы уақытта статистикамыздың бәрі қайта қарастыру керек дегенді айғақтады. Бізде қазіргі таңда ең төменгі жалақы ол – 36 000 теңге. Бізге ең төменгі жалақыны көбейту керек деп көптене бері ұсынып, айтып жүрмін. Егерде ең төменгі жалақыны 70,80 мыңа дейін көбейтсек онда көпшілік қазақстанның әл-ауқаты көтерілер еді.

— Экономикалық тұрғысынан бізге қай бағытты, қай саланы арттыру қажет? Осы ұлттық жоба арқылы жұмыссыздық азаяды деп айта аламыз ба?

Осыған байланысты Алматы қаласында қаржыгерлердің жақсы бір форумы өтті. Сол жерде жақсы ұсыныстар айтылды. Маған қатты ұнаған ұсыныс сол жерде айтылған. Біз көбінесе экономикамызды индустрияландыру бағдарламарында ғарыштық технологияларды дамыту керекпіз, нано технологияларды дамыту керекпіз деген сияқты ұсыныстар көп айтылады дейді. Бірақ біз өзіміздің өндірістік мүмкіндіктерімізге қарамаймыз. Оған шамамыз жете ме, жетпей ме дегендей. Мемлекеттен сондайға ақшаны жұмсай береміз, жұмсай береміз. Бірақ, нәтижесінде одан ешқандай өнім жоқ. Ешқандай нәтиже жоқ. Ақшаны шөлдалаға құйып жатқандаймыз. Енді осы жерде экономика қалай даму керек? Өндірістік мүмкіндіктер мынадан басталады: Ең бірінші ешқандай экономикасы жоқ мемлекет болса, олар шикізатты, жер байлығын, қазба байлықтарын шығарады. Соларды сатып күн көреді. Одан табыс табылғаннан кейін сол қаражатты, шикізатты өңдеуге жұмсайды. Яғни, алғашқы өңдеу фазасынан өтеді. Мысалы қарапайым ғана шаруаны алайық. Ең әуелі шаруа мал ұстайды, соны айналдырып сата бастайды. Кейінірек табысы арта бастаған кезде жүнін пайдаланып, мүмкін одан жіп шығарады. Солай келесі деңгейге өтеді. Келесі өңдеу алғашқы фазаларынан өтеді. Оның барлығы кезең кезеңімен жүзеге асу керек. Ал біз бірден ғарышқтық технологияларды дамытамыз дейміз. Сондықтан оған бізге мамандарымыз да жетпейді, оған біліктілігіміз бен технологиямыз да жетпейді.

— Жалпы, сіздің ойыңызша Ұлттық жобаларыды қалай іске асыру керек?

— Бізде түрлі түсті металдар бар. Оның алғашқы өндіріс фазасын жасайық. Сосын одан қандай да бір көлікке қажетті нәрсені жасайық. Мысалы, бізде аккумлятор жасайтын жерлер бар бізде. Оған күшіміз де, мүмкіндігіміз де жетеді. Тура сол сияқты тесланың неге батарейкасын жасамасқа? Оған біздің мүмкіндігіміз толықтай жетеді. Соны сапалы дәрежеде шығарсақ бүкіл әлемде тесла көлігінің батарейкасын тасымалдаушы ретінде Қазақстан үлкен табыс таба алады. Менің ойымша сол үлкен дүниені ойлаймыз да, соған ақшаны құртып аламыз. Мұнай өнімдерін де толықтай дамытсақ, мұнайдан нақты өнімдер шығару , аралық өнімдерді шығаруды қолға алайық. Соған қаражатты жұмсайтын болсақ онда ол ақылға сыйымды. Соған қажетті мамандарды дайындау әрі жылдамырақ әрі арзанға шығады. Мінекей, осында процесстер біз үшін, экономикамыз үшін өте маңызды деп есептеймін. Сол кезде жұмыссыздық мәселелерін азайта аламыз. Бірақ, қазір экономикамыз дағдарыс кезеңінен әлі толық шықпады. Пандемиядағы дағдарыстан әлі шығып үлгермеген едік, қазіргі гео саяси дағдарыс келіп жетті. Бұл жағдайларда не істеу керек? Қымбатшылық келіп жатыр, себебі біз көптеген тауарларды шетелден алып келеміз. Импорттық тәуелділігіміз жоғары. Осындай процесстер өте көп. Сондықтан да ең бірінші азық-түлік мәселесін қамтамасыз ету біз үшін өте маңызды. Ондай өнімдерді өзіміз де өндіре аламыз, шығара аламыз. Шетелден келетін азық-түліктерге шектеу қоюға болады. Бәрін өзімізден шығарайық, сол кезде ол тауарлар аса қымбат болмайды. Одан кейін тағы бір маңызды мәселе – дағдарыс уақыттарында көптеген елдерде құрылыс компанияларының, жол салу дәуірі жүреді. Мемлекеттік ақшалар сондай нәрселерге жұмылдырылу керек. Мысалы, жол салу десек бізде жол көп. Семей, Ұлытау, Жетісу облыстары пайда болып, оларға міндетті түрде жол қажет болады. Сондай-ақ, БҚО, СҚО облыстарында да қаншама жолдар бар салынбаған. Сол жолдарды салсақ, мемлекеттік тарапынан соған ақша жұмсасақ дұрыс. Сол кезде сол жақтағы ауылдар жанданып, ауылда жүрген жұмыссыз жастар екі қолға бір күрек алып, үйге табыс алып келе бастайды. Жол салу барысында керек жарағы, цементі бар барлығы отандық өнімнің негізінде жүзеге асуы керек. Сол кезде ақша шетелге кетпейді. Ол осы елдің ішінде ғана қалады. Ең маңыздысы осы. Құрылыс саласында да құрылыс материалдарын көбінесе біз шетелден алып келеміз. Соның барлығын өзімізде өндіруге ден қою керекпіз. Оны біз өндіре аламыз да. Тек сапалы өндіруге нақты күш салуымыз керек. Сондай нәрселерге көңіл бөлсек, онда жұмыссыздардың саны біразға азаятыны сөзсіз. Сол кезде ақша шетелге кетпей, елдің ішінде, айналыста болады. Сол кезде экономика дамиды, гүлденеді. Егерде осы қалыпта ұлттық жобаны жасайтын болсақ, біз тек жеңетін боламыз. Ал «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасы халықтың әл-ауқаттын арттыратыны сөзсіз дегім келеді.