Берік Уәли ШҚО әкімі болып тағайындалды деген ақпарат тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Берік Уәли ШҚО әкімі болып тағайындалды деген ақпарат тарады

Берік Уәли ШҚО әкімі болып тағайындалды деген ақпарат тарады

Бұл ақпаратты Ақорда баспасөз қызметі жоққа шығарды.

  • 17 Наурыз 2022
  • 1711
Фото - Caravan.kz

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли ШҚО әкімі болып тағайындалды деген ақпарат тарады.

Бұл туралы Әсет Әссанди Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

"СҮЙІНШІ ХАБАР КӨП КҮТТІРМЕДІ!

Күні кеше Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли облыс әкімі болсын деген тілегімізді білдірген едік – сол тілегімізді Алла естіп қойды ма, Президент естіп қойды ма: бауырымыз әкім болып тағайындалды! Бірақ Ұлытау облысына емес, Шығыс Қазақстан облысына әкім болды!
Берік-бауырымызды шын жүректен құттықтай отырып, жаңа Қазақстанды құру жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізуіне тілектестік білдіреміз", — деп жазды Әсет Әссанди.

Дегенмен бұл ақпаратты Ақорда баспасөз қызметі жоққа шығарды.


"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл фейк" , — деп жауап берді Ақорданың баспасөз қызметі.

 

Перейти к новостям спорта