Агенттік мәліметтеріне сүйенсек, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің бағасы 1,9%-ке өссе, керісінше мал шаруашылығындағы өнім 1,3%-ке арзандаған.
2003-жылдың алғашқы жартысында картоп бағасы біршама өсіп 15,4%-ті құраса, көкөніс өнімдері 14,5%-ке қамбаттады. Ал жыл басынан бері күнбағыс тұқымы небәрі 0,8 процентке қымбаттады.
2002-жыл бойы және үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында арзандау ағымы байқалған астық дақылдарының құны сәуір айынан бастап керісінше қымбаттады. Жыл басынан бері дәнді дақылдар 0,8%-ке қымбаттады, соның ішінде қара құмық бағасы 6,2%-ке, жүгері , қара бидай және тары бағасы 5,3-5,7%-ке, бидай құны 0,7%-ке қымбаттаса, арпаның құны 2,1%-ке арзандады.
Биылғы жылы малшаруашылығы өнімдерінің бағасы маусымдық сипатта арзандады, атап айтсақ, сүт бағасы 8,6%-ке, жұмыртқа 5,4%-ке арзандады. Ал мал етінің бағасы 1,7%-ке, қой етінің бағасы 8,7%-ке, жылқы еті 4,4%-ке, ірі қара мал етінің бағасы 1,8%-ке, шошқа еті 1%-ке қымбаттаса, керісінше құс етінің бағасы 2,9%-ке арзандады.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр