Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Желі қолданушылары Рымбаеваның бұл әрекетін қатаң сынға алды. Олардың бірі ер адамды итергені үшін сөксе, ендігілері "тек жанды дауыста ән айтамын" дейтін Халық әртісінің сахнаға фонограммамен шыққанына таңғалды.
"Ойбу, ер адамды сонша итергені несі? Ұяттау болған екен", "Фонограммасы көрініп қалды-ау", "Халықтан биік емес қой", "Ұят болды ғой", "Фонограмма екені анық көрінді ғой", — деп жазды оқырмандар.