«Әншілерде қасиет жоқ. Тіріліп жатыр, концерт беріп, жарысып»: әртістердің әрекеті халықтың ашуына тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Әншілерде қасиет жоқ. Тіріліп жатыр, концерт беріп, жарысып»: әртістердің әрекеті халықтың ашуына тиді

«Әншілерде қасиет жоқ. Тіріліп жатыр, концерт беріп, жарысып»: әртістердің әрекеті халықтың ашуына тиді

Әлеуметтік желіде әртістердің "қаралы қаңтар" оқиғасына қарамастан, той-тоймалақ, концерт өткізендері халық арасында қызу талқыға түсті.

  • 28 Наурыз 2022
  • 103
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Әнші-әртістердің әрекетіне наразы болғандардың бірі, өнер адамдарына арнап үндеу тастады.

«Біздің қазақта Алла сақтасын бір үйде адам қайтатын болса сол адамның жылдық асына дейін сол үйде той-томалаққа тыйым салынады. Тек қана сол үйде емес, жанындағы жақсы араласатын 1-2 көршісінде де.

Оның айтуы бойынша, той болатын болса: «Қой, қайтыс болған адам бар ғой. Жылдық асын күтейік. Өлі разы болмайды тірі байымайды»- деп сыйластық білдіреді. Үйленем деп тұрған баланы: «Пәленшенің жылдық асы бітсін, жылы болсын, сосын үйленесін, өлдің ба» -деп тоқтатып қояды.

«Мына әншілерде қасиет жоқ екен. Кеше болған қаңтар оқиғасынан халық әлі есінен көтеріле қойған жоқ. Халықтың қабырғасын қайыстырыған оқиға болды. Бірақ біздің әншілер тіріліп жатыр ғой. Сол кезде біреуінің үні шыққан жоқ еді. Тіріліп, концерт беріп жарысып жатыр ғой. Республика сарайында, пәленшісінің концертіне келіңіздер деп. Қасиет жоқ екен, бармаңдар концертке»- деп ТикТок желісінің қолданушысы наразылығын білдірді.

«Карантин кезінде дауыстары шығып, ойбай, тойға рұқсат беріңдер деп шығып еді бәрі», «Рас айтады, дұрыс», «Ақша керек қой оларға, үй салып жатыр», «Мен соны O бастан айтқынмын. Бармаңдар концертке, қаңтарда Түркияға қашты ғой» -деді ол. 

Көпшілік оның сөзін толық қолдап шықты. Енді бірі тойда тұрған ештеңе жоқ десе, өзгелері әртістерге сенудің қажеті жоқ деп кесіп айтты.