Желіде Украинада соғысып жүрген Арқалықтың қазағы деген видео тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желіде Украинада соғысып жүрген Арқалықтың қазағы деген видео тарады

Желіде Украинада соғысып жүрген Арқалықтың қазағы деген видео тарады

Желіде Украинада Ресей әскеріне қарсы соғысып жүрген Арқалықтың қазағы деген видео тарады.

  • 28 Наурыз 2022
  • 86
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Facebook желісінде Қайсар Жанболат есімді желі қолданушы:

"Украинада Харьков жақта Ресей жауыз басқыншыларымен соғысып жүрген Арқалықтың қазағы. Аман бол бауырым",- деп жазба жариялап, видео жүктеді.

Видеодағы жігіт шайқас барысында қандай оқиға орын алғанын және не олжалағанын көрсетеді.

Мұны көрген желі оқырмандары: "Біздің Торғай қазақтары осындай, алдын болжай білетін .Өгізгеде туған күн бұзауғада туады дейді халық. Ертең сондай жағдай бола қалса бауырлас украйн халқы көмекке келуіде мүмкін ғой.Олардан үйренеміз көп болды.Рухты халық. Бауырым аман бол.Алла жар болсын", "Егер біздің елдің азаматы болса кейін істі болады-ау, заңымызда шетелге барып соғысқа қатысқандарды жауапкершілікке тарту жайлы баптар бар. Сол жағы қиын. Ал былай Украинада 50 ден астам елдің еріктілері бар деседі.",Қазақстаннан бірнеше жыл бұрын барып көшіп кеткен сияқты, үйленген сонда сияқты, үйі сол жақта, әйелі сол жақтыкі. Көптен бері сол жерде жүріп сол жерден соғысқа барған. Тікелей Қазақстаннан әдейі соғысқа барған жоқ,- деп жазды.


 

Украинада Харьков жақта Ресей жауыз басқыншыларымен соғысып жүрген Арқалықтың қазағы. Аман бол бауырым! Тиктоктағы аккаунты @jazzmorpeh

Posted by Qaisar Zhanbolat on Saturday, March 26, 2022