Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
"Сен менің қайным емес, бауырымдайсың. Себебі келін боп түскен сәттен бастап маған “жеңге” деп емес, “әпке” деп қарадың. Жалған өмірде жаныңа жақын жандар аз болса, сол аздың ішіндегі КӨПКЕ татырлығы өзіңсің.
Бала болсаң да жандүниемдегіні көзімнен түсініп, қолыңнан келгенше қолдап жүретінсің.
Сондықтан бұл ҚУАНЫШ мен үшін бәрінен БИІК. Өміріңдегі ең маңызды сәтіңде жаныңда болып қолдай алмасам, қуанышыңды бөлісе алмасам, шын жүрегімнен шыққан ақ тілегімді көзіңе қарап жолдай алмасам екеуміздің бауырмалдығымызға, жақындымызға сын емес пе…
Жібек екеуіңнің махаббаттарыңа соооол кезден бастап куәмін. Өз қолымнан шай беріп, кіршіксіз сезімдеріңе сүйсіне қараушы едім. Бақыттың бесігін мәңгі бірге тербетулеріңді тілеймін. Жандарым менің.",- деп жазба қалдырды.
Жұлдыздың оқырмандары: "Қандай керемет тілек","Бақытты болсын",Жарайсыздар","Әпкелік тілек қой","Заңғар күшті жігіт"- деп пікір жазды.