Бұл туралы ресми хабарланды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
«Европа плюс Казахстан» радиоарнасы радиожүргізуші Любовь Пановамен арадағы еңбек келісім-шартының тоқтатылғаны жайлы ресми түрде хабарлайды деп жазылған онда.
Еске салсақ, аталған радиоарнаның жүргізушісі әлеуметтік желіде ұлтаралық араздық тудыратын пікір жазып, елдің ашуын туғызған болатын.
Бұған дейін аталған радио Любовь Панованың әлеуметтік желідегі жеке парақшасында айтқан "Вова ағай" туралы сөзіне пікір білдіріп, оның ұстанымының радиостанцияның саясатына еш қатысы жоқ екенін айтқан еді. Бұл ретте ретте радиоарна аталған қызметкердің көпшілік алдында айтқан мәлімдемелері компанияның тәртіптік комитетінде қаралатын болады деген болатын.