Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Кәрім Мәсімов қамалған кезде айтыстың кегі қайтты-ау деген ой болған жоқ па, деген сауалға:
«Мен ол кезде айтыспен қоштасқан кезім болатын. Тамыз айында айтыспен қоштастым, қазан айында мораторий жариялады. Сол кезде Алматыдан Жүрсін ағамыз бар, Амангелді Ермегияев, Өмірзақ Сәрсеновтер ұшып келіп, бәрі кірген. Сол кезде премьер-министрдің арнайы қаулысымен айтыс тоқтатылған. Және бұған дейінгі айтыстарды радионың эфирінен, Қазақстан телеарнасынан, Хабардан қайталанбауына мүлдем тиым салынған.
Ұсталғанда қуанған ақындар бар шығар енді. Ол ұсталды деген кезде қазақтың кегі бар ғой, тек қана айтыс емес қой, қазақтың біраз нәрсесі бар. Айтыстан жоғары тұрған дүниелер бар. Қуанышымыз жаңағы үлкен жағына кетіп қалып тұр ғой»,- деді Дәулеткерей Кәпұлы.
Бұл оқиғадан хабардар жандар "Иә, айтысты көре алмай қалған жылдар болды","Әлі күнге дейін ашуым келеді сол оқиға еске түссе, өзге ұлттың өкілі қазақтың да, өнерінің де тағдырын шешеді", "Оо, сұмдық-ай, білмеппін Мәсімовтың арнайы қаулысы болғанын", "Ее, Мәсімов екен сол кезде айтысқа тиым салған" деп пікір жазды.