Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин бірыңғай цифрлық үкімет платформасын әзірлеуге қазақстандық IT-компаниялар тартылатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Геосаяси жағдайды және өзіміздің мүмкіндіктерді ескере отырып, «ҰАТ» АҚ-мен қазақстандық IT-компанияларды тарта отырып, өз бетімен платформа жасау туралы шешім қабылданды.Асқар Жамбакин
Вице-министр қазіргі уақытта техникалық-экономикалық талдау жүріп жатқанын айтты.
Бұл шамамен 2-3 жыл уақытты алады, осы жылдың соңына дейін жаңа платформаның алғашқы қызметтері әзірленіп, қолданысқа енгізіледі.Асқар Жамбакин
Бұған дейін Қазақстанда жаңа цифрлық платформаны енгізу үшін ресейлік «Сбер» компаниясының шешімдері таңдалған болатын. Кейін eGov жүйесін Сбербанк платформасына көшіру туралы мәміледен бас тартылды.