“Өзі де алданған”: Адвокат Абзал Құспан вайнер Мейіржан Төребаевтың қамалуын заңсыз деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Өзі де алданған”: Адвокат Абзал Құспан вайнер Мейіржан Төребаевтың қамалуын заңсыз деп санайды

“Өзі де алданған”: Адвокат Абзал Құспан вайнер Мейіржан Төребаевтың қамалуын заңсыз деп санайды

Белгілі адвокат Абзал Құспан вайнер Мейіржан Төребаевтың қамалуын заңсыз деп санайды.

  • 21 Сәуiр 2022
  • 370
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Соңғы кездері құқық қорғау органдарында қалыптасқан жағымсыз практика — шешімді көпшіліктің көңіл-күйіне қарай өзгерте беретіні. Әуелі Туребаевтың өзін жәбірленуші деп тапты, себебі ол он миллион теңге салған салымшы, ақшасын табысымен бірге, басқа жәбірленушілер сияқты олда қайтара алмаған, осы кезге дейін. Оның үстінен іс қозғау, қамау туралы арыздарға жыл жарым бойы бас тартылып келеді, алайда әйел адам астанаға барып үстіне бензин шашып өртеніп, шу шығарып еді, істе қозғалды, Туребаевта қамалды, сонда осы кезге дейін шешімдер қайда қалды? Одан басқа, біз қанша жерден дұрыс/дұрыс емес деп шуласақта, жарнама үшін қылмыстық жауапкершілік заңда қарастырылмаған. Қаржы пирамидасы үшін тек қана сол ұйымды құрған және басқарған адамдарға ғана қылмыстық іс қозғалады. Ал Туребаев тек жарнама жасап берген, жоғарыда айтқанымдай өзіде салымшы болып, алданған. Бір сөзбен айтқанда, Алматы Полиция Департаменті, заңмен емес, елді шулату арқылы ғана мәселені шешуге болады деп, жағымсыз практика қалыптастырып отыр", — деді Абзал Құспан.