Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,17 теңгеге көтеріліп, 448,26 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 23-25 сәуірдегі ресми бағамы — 443,99 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы — 448,94 теңге, сатылым — 452,16 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 447,19 теңгеден сатып алады, 449,56 теңгеден сатады.