Қайрат Нұртас Меккеде жылағанын арнайы видеоға түсірткен бе? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұртас Меккеде жылағанын арнайы видеоға түсірткен бе?

Қайрат Нұртас Меккеде жылағанын арнайы видеоға түсірткен бе?

Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың Меккеде жылап тұрған видеосы тарап кетті. Мұсылманның бір парызын өтеген Қайрат қажылығынан да пиар жасады, деп айыптады кейбіреулер. Алайда ата-анасының айтуынша, видеоны Қайрат арнайы түсіртпеген. Әншіні танитын жандардың бірі оны сырттай камера назарына алып, желіде таратып жіберген.

  • 4 Мамыр 2022
  • 292
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қайраттың жылап тұрғанын кім түсіріп алғанын білмейміз. Кім баспаған жер? Қайраттың өзі де білмейді", – деді әншінің әкесі Нұртас Айдарбеков.
Әкесінің айтуынша, "Қайрат – көңілшек бала". Қасиетті Қағбаны көргенде көз жасына ерік бергені де сондықтан.

"Алдыңғы жолы менімен бірге барғанда байқағаным, көп адамдар Қайратты алға жібереді. Кейін бір адамдардан естігенім: "Бұл – қытай, мұсылмандықты қабылдапты", –  деп сол үшін сыйлайды екен. 
Сондай біреулер түсіріп алған шығар. Ал ауызашар туралы бізге кетіп бара жатқанда айтқан жоқ. Сол жерге барғаннан кейін, анасына хабарласып айтыпты", –  дейді әкесі.

Ал әншінің жылауының себебін анасы Гүлзира Айдарбекова былай деп түсіндірді. 


"Біздің елде көтеріліс болды, оның алдында коронавирустан қаншама адам қырылып қалды. "Ел аман, жұрт тыныш болса екен деп, соны айтқан кезде жылап қалдым", – дейді. Халықтың адамы болған соң, халықты ойламай тұрмайды ғой. Өзі көңілшек, өте мейірімді", –  дейді Айдарбекова.

Айта кетейік, Instagram-да Қайрат Нұртастың Меккеде жылап жүрген видеосы тарады.

Бұған дейін әкесі Қайрат пен Жұлдыздың бірге екенін айтқан еді.