«Пікірсайыс өзгеріске ұшырайды ма?». Елордада пікірсайыс қозғалысын дамыту мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Пікірсайыс өзгеріске ұшырайды ма?». Елордада пікірсайыс қозғалысын дамыту мәселелерін талқылады

«Пікірсайыс өзгеріске ұшырайды ма?». Елордада пікірсайыс қозғалысын дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін елордада Елбасы Академиясының бастамасымен қоғамдық пікірсайыс бірлестіктері мен мемлекеттік органдардың өкілдері мектептегі пікірсайысты дамытудағы мәселелер мен одан әрі дамыту перспективаларын талқыға салды.

  • 4 Мамыр 2022
  • 35
Фото - Caravan.kz

Іс-шараға Ұлттық пікірсайыс федерациясының, Елордалық пікірсайысшылар ассоцияциясының, Astana Union бапкерлер штабының, қалалық пікірсайыс клубтарының, ҚР БҒМ Қосымша білім беру республикалық оқу-әдістемелік орталығының, Тұңғыш Президент мұражайы, «Аманат» партиясының жастар қанаты және Tanym Education білім беру платформасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Пікірталас балалар мен жастарды оқытудың және оларға тәрбие берудің ең тиімді құралы болып қалады. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда пікірсайыс қозғалысының дамуында бірізділік жоқ, тіпті теріс трендтер бар. Біздің міндетіміз – қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, пікірсайыс дамуын жастар үшін тиімді бағытқа бұру", — деп мәлімдеді кездесуде төрағалық еткен "Елбасы Академиясы" корпоративтік қорының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай.

Кездесу барысында пікірсайыс пен төрешіліктің бірыңғай ережелерінің жоқтығы, форматтардың шатастырылуы, білікті төрешілердің жетіспеуі және дебаттық турнирлердің бейберекет өтуі – осы және басқа да факторлар мектептегі пікірсайыстардың негізгі проблемалары ретінде аталды.

Қатысушылардың ұсынысы бойынша мектептегі пікірсайыс дамуының өзекті мәселелері талқылап, оның шешу жолдарын іздестіретін тұрақты түрде жұмыс істейтін кеңес құру, сондай-ақ облыстық пікірсайыс клубтары мен ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген жиын өткізу туралы шешім қабылданды.

«Біздің командалар халықаралық турнирлерде жақсы нәтиже көрсетуде. Биыл Голландияда өтетін турнирге Қазақстан құрамасы қатысуға дайындалып жатыр. Бізге бір ғана квота беріледі. Квота саны халықаралық турнирлерге қатысу тәжірибесіне байланысты келеді. Өкінішке қарай, кіру жарналары мен ұйымдастыру шығындарының қомақты болуына байланысты біздің пікірсайысшылардың турнирлерге қатысу мүмкіндігі бола бермейді», — деді «Astana Union» жаттықтырушылар штабының жетекшісі Алтынай Заманбекова.


«Биыл «Аманат» партиясы мектеп және студенттік лигада ірі республикалық турнирлер өткізуді жоспарлап отыр. Біз елдегі пікірсайыс қозғалысын дамытуға көмектесуге зор ниет білдіреміз. Партияның жастар қанаты жастардың сыни ойлауын, шығармашылық қабілетін, шешендік өнерін дамытуға мүдделі», — деп атап кетті «Аманат» партиясы жастар қанатының жоба жетекшісі Таңшолпан Жауынбай.

Айта кетейік, "Елбасы академиясы" дебат қозғалысына қолдау көрсетіп, өткен жылдың соңында мектеп оқушылары мен студенттер арасында көшбасшыларды анықтаған ұлттық пікірсайыс турнирлерін ұйымдастырған болатын.

Сондай-ақ ағымдағы жылда төрешілер, жаттықтырушылар мен пікірсайысшылар үшін турнирлер мен оқыту семинарларын өткізу жоспарлануда.