Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
«Білдей Алматы қалалық мәслихатының депутаты бессмертый полк деп ұлып отырған соң, басқадан не үміт не қайыр? Жалпы, бұндай бастан кеткендерді кім сайлайды депутат қылып? Кімнің қай жерін ұстап келіпті бұл ел қалаулысы болу үшін, елдің атынан сөйлеу үшін? Аталарымызды аштықпен, қуғын сүргінмен, итжеккенге айдаумен, өтірік жаламен, одан қалды он адамға бір мылтық беріп, алдыңғы шепке айдап, қырып салған атажаудың сөзін сөйлеп, басыңа не күн туды ей депутат??? Қатты тойлағыш болсаң, қазақтың мейрамы аз ба? Еске алғыш болсаң, орысқа бодан болмай тұрып қырылған боздақ аз ба еді. Бессмертный полк деген не сорақы тағы да?
Оның айтуы бойыша бүкіл әлем теріс айналып, беттеріне түкіріп жатқан агрессор жауыз елдің артын жалап өліп кете жаздады ғой түгі. Құлдық саналарың мұншалықты тереңге кеткен бе? Әсілі, шата ма, кірме ма, не болса да, қазақ емес. Ақиқи қазақ болсаң, еліңе мұнша сатқындық жасамас болар едің ғой. Бас басына би болған өңкей қиқым» — деп жазды желіде Әсет Оразхан.
Еске салсақ, 9 мамыр күні Алматыда "мәңгілік полк" шеруі өтетіні жайлы Интерфакс хабарлаған болатын.
Желі қолданушылары: "Ессіз құл", "Қызметінен алып тастау керек қой", "Таң қалатын түгі жоқ,бұл қазір аты ауысқан, баяғы коммунистік партиядан "сайланған" депутат!" , "Тағы да " деген ашулы пікірлер қалдырды.