Мәдениет департаментіндегілердің айтуынша, фестиваль репертуары көрермендердің өтінішіне қарай іріктеледі. Осы орайда қарағандылықтар «Сұлтан Бейбарс», «Менің атым Қожа», «Қыз Жібек», «Кавказ тұтқыны», «Малиновкадағы неке » атты фильмдерге көбірек тапсырыс берген.
Жалпы алғанда Қарағанды облысында 12 кинотеатр мен кинолық қондырғылар бар.
Ал облыстың шалғай аудандары үшін мәдениет департаменті қордағы көшпелі қондырғыларды пайдаланбақ ниетте. Бұл қондырғылар бір ай бойы ең шалғайда орын тепкен жайлаулардың өзіне дейін жетіп даяшылық көрсетпекші.
Кинофестивальдің аяқталу салтанатына халықтың ықыласына бөленген таңдаулы фильмдерде ойнаған кино әртістері қатысады деп межеленген.