Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Күндізгі сауда-саттықта АҚШ валютасы 7,68 теңгеге арзандап, орташа бағамы 434,76 теңгені құрады. Бір күн бұрын доллар қымбаттаған.
Ұлттық банктің 12 мамырдағы орташа бағамы 442,61 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктері долларды 435,18 теңге сатып алуға дайын. Ал сату бағасы – 438,69 теңге.