Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
"Барлық мектеп ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшуі керек. Оларды жинап алып, басқа адамдардың көзінше баланың үлгерімі мен тәртібін талқылаудан арылған жөн. Оның орнына жеке, топтық немесе ұжымдық форматта ұйымдастырған тиімді", — деп мәлімдеді Аймағамбетов аппарат жиналысында.
Министрдің айтуынша, әрбір ата-анаға мұғалімнен өз баласының жетістіктері мен әлсіз тұстары туралы толық ақпарат алатындай жағдай жасау қажет.
"Ол үшін ата-аналармен қарым-қатынасты жаңаша жүргізу маңызды", — деді министр.
Бұған дейін Асхат Аймағамбетов енді ағылшын тілі 1-сыныптан емес, 3-сыныптан бастап оқытылатынын мәлімдеді. Бұл өзгеріс биыл бірінші қыркүйектен бастап енгізіледі деген жоспар бар.