Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Бейсенбіде доллардың ресми бағамы 433,45 теңгеге тең болады. Айта кетейік, америкалық валютаның 8 маусымдағы ресми бағамы — 429,41 теңге.
Ресей рублінің 9 маусымдағы ресми бағамы 7,20 теңге болады.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы — 432,61 теңге, сату — 436,72 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 431,46 теңгеден сатып алынып, 433,69 теңгеден сатылып жатыр.