«Оқушы ұлдар сақал өсірсін, 9-11 сынып қыздарын күйеуге береміз». Орамал мәселесінің түбі қалай жалғасатыны болжанды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Оқушы ұлдар сақал өсірсін, 9-11 сынып қыздарын күйеуге береміз». Орамал мәселесінің түбі қалай жалғасатыны болжанды

«Оқушы ұлдар сақал өсірсін, 9-11 сынып қыздарын күйеуге береміз». Орамал мәселесінің түбі қалай жалғасатыны болжанды

Орамал мәселесінің соңы қалай аяқталуы мүмкін екені түрлі нұсқалар бойынша болжанды.

  • 10 Маусым 2022
  • 4293
Фото - Caravan.kz

Желі қолданушысы Ермек Құрманғалитегі орамалға рұқсат берілсе, кейін жоғары сынып оқушылары сақал өсірсін, қыздарын тұрмысқа береміз деп шығады деп пайымдайды.

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Оқушы қыздар мектеп формасын киіп басына орамал ғана" тақсын деген талап бұл жай бергі жағы. Өйткені діннің шарты тек бұл орамал ғана емес. Біраз жылдан соң: "мектеп формасын юбкасын тізеден төмен ғана болғаны жарамайды, білегінен бастап , мойынын, тобығына дейін толық жауып тұратындай етіп жасап беріңдер, әйтпесе сабаққа жібермейміз" деп шарт қоятындар көбейе бастайды. Оған көнсең діннің шарты бұнымен де таусылмауы мүмкін:

"Тым ашық түсті киім киюге болмайды, жұма күнгі сабақ кестесі бесін намазын ескеріп жасалсын, мектеп формасы ақ кофта жарамайды, бетті де әурет жер деп санаймыз, ол да жабық болу керек, қыз бен ұл бір партада бірге оқымасын, оқушылар би билеп ән салмасын, қыздарға ер мұғалім сабақ бермесін, басына орамал тақпаған әйел қызыма сабақ бермесін, мектепте намазхана болсын, мектепте ислам діні туралы сабақ енгізілсін, 9-11 сынып ұлдары сақал өсіруіне рұқсат берілсін, қыздар мен бөлек сыныпта оқысын, намаз оқымайтындар бөлек оқысын, қыз бен ұл бөлек мектепте оқысын т.с.с

"8-9 сынып бітірген соң қыздарды күйеуге береміз",- деп те, жыл өткен сайын осындай талаптар шыға береді.


Зайырлы мемлекет деген дін ұстанушылардың барлық талап тілектеріне ерік беруші мемлекет емес, жалпы қоғам талабына сәйкес реттеуші мемлекет. Шексіз демократия ешбір елде жоқ, болмайды да. Алаш арыстары армандап кеткен өркениетті, дамыған мемлекет құрамыз десек Алла парыз еткен" деген сөзді көлденең тартып, орамал мәселесінде бүйректен сыйрақ шығарып, онсыз да шығайын деп тұрған көзді ағызып жібермей, ең алдымен Алланың "Оқы, білім ал" деген бұйрығын орындаған жөн болар. Орамал таққан бастың ішіндегі мида түк болмаса одан қоғамға қандай пайда?», деп жазды автор.