"Айыбым шақыртусыз келдім": Ұлытаудағы Ұлттық құрылтайға кімдер неге кіре алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Айыбым шақыртусыз келдім": Ұлытаудағы Ұлттық құрылтайға кімдер неге кіре алмай жүр

"Айыбым шақыртусыз келдім": Ұлытаудағы Ұлттық құрылтайға кімдер неге кіре алмай жүр

Ұлытау облысында Ұлттық құрылтай өтеді, дегенмен оған қатысқысы келген бірқатар белсенділер кері қайта бастаса, енді бірі көмек күтіп отыр. 

  • 16 Маусым 2022
  • 1683
Фото - Caravan.kz

Мәслен, Солтүстікті қазаққа толтыру үшін тер төгіп жүрген белсенді Бурахан Дағанов Ұлттық құрылтайға шақырусыз барған. Ол солтүстік аймақтардағы босап қалған ауылдарды, елге толтыру мәселесін көтеруді көздеген еді. Бірақ өкінішке орай үлкен жиынға кіре алмайтын болған.

"Шақырылмаған қонақ сыпырлмаған жерге отырады деуші еді, сыпырылмаған жерге де отыруға разымыз", деп жазды Бурахан Дағанов.

Бұл жайлы айтқан белсенді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Каринннен көмек сұрады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Құрметті Karin Erlan мырза. Ұлытаудағы құрылтайға келген едім. Айыбым шақыртусыз келдім. Жәй келмедім, азаматтық парызым деп келдім. Елімнің болашағына себі тиетін Ұлттық жиынға келмейм деп жата алмадым. Ендігі, мұнда кіру мүмкіндігім жоқ екен. Осы мәселеде қол ұшыңызды беруіңізді сұраймын. Пейілімнің ақ екенін, елге пайдалы дүниені өз шамамда істеп жүргенімді білесіз. Оны кездескен кезде көрдіңіз.

Енді, осы бір елдің болашағына себі тиетін құрылтайда босағадан болса да бір орын беруіңізді сұраймын. Соңғы үмітім сіз болып тұрсыз. Бауырлық өтінішім деп қабылдаңыз", деп жазды белсенді.


Ал Мұхтар Тайжан кері қайтуға мәжбүр болыпты.

"Қайтар жолға шықтым, достар!

Өкінішке орай, осы жолы Ұлттық құрылтайында халықтың жер жанайқайын президентке жеткізуге мүмкіндік бұйырмады. Нақты айтқанда мемхатшысы Ерлан Карин бұған жол бермеді. Себебін білмедім, бірақ бұл кісіге бүгінгі шешімі үшін әлі ұят болады деп ойлаймын. Ал біз болсақ жұмысымызды жалғастырамыз", деп жазды Мұхтар Тайжан.

Еске салсақ, кеше Ұлттық Құрылтайдың құрамы бекітілді.