Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Мемлекет басшысына арнап жазған өлең шумақтарын Балтабек Нұрғалиев желіге жариялады.
"Президент өзінің ел үшін Темірқазық жұлдыздай жол көрсетер жарық екендігін тағы бір мәрте танытты. Тектілікті таныдық. Әкесі Кемел Тоқаевқа, ағасы Қасым Тоқаевқа ұқсаған қайсар азамат дәл өзі!!! Бұлар әулетімен батырлар әулеті о бастан!!! Дипломатия, ерлік қанда бар қасиет қой!", деп жазды Нұрғалиев.
Айтпайық ешқашанда қыңыр пайым,
Айтайық әрқашанда сұлу пайым.
Кемеңгер Қасым-Жомарт Кемелұлы,
Бастаған Ұлытаудың құрылтайын!
Дәл келді құрылтаймен күнім туған,
Осы күн өмірімде ұмытылман.
Мен айтсам туған күнгі арманымды,
Орындар Президентім Ұлы Тұлғам!
Халықтың тілегінен табайын бақ,
Биліктің қақ төріне барайын нақ.
Қолдаса мына мені Президентім,
Депутат Парламентке тағайындап!
Мен Жаңа Қазақстанға сәлем дедім,
Халқыма адалдықты дәлелдедім.
Бұл Жаңа Қазақстанның орнауына
Менің де мол үлесім, бар еңбегім!",- деп өлең арнады.
https://www.facebook.com/profile.php?id=100004893060220
Желі оқырмандары: "Не ғой, сен бір құдайға сенесің бе көп құдайға ма? Басшыларды құдайға теңеп тастадың, Тоқаевты ше? Оны да солай теңейсің бе?", "Сабырлы болу керек еді. Асығыстық жасап, хан-сұлтандарға ода жазуды 4-5 жыл ерте бастап кеттің-ау", "Төменде жүре берген жақсы, ақын болып", "Абайла президент маған арнап кітап, өлең шығаруға тиым саламын деді, тіпті күні кеше Ресейдің А.Невский, Қырғыздың Манас ордендерін де алмай бас тартты, ойлан" — деп пікір жазды.