"Бұл Кеосаянның қарумен келеміз, күшпен басып аламыз дегені». Мәскеу Қазақстанға әскер кіргізуге даярланып жатыр ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұл Кеосаянның қарумен келеміз, күшпен басып аламыз дегені». Мәскеу Қазақстанға әскер кіргізуге даярланып жатыр ма?

"Бұл Кеосаянның қарумен келеміз, күшпен басып аламыз дегені». Мәскеу Қазақстанға әскер кіргізуге даярланып жатыр ма?

Кеосаянның "Қазақстанға бәрібір келемін" дегенін көпшілік сан-саққа жорып жатыр. 

  • 1 Шiлде 2022
  • 2195
Фото - Caravan.kz

Мәселен Нұрлыбай Қошаманұлы Кеосян осы сөздері арқылы Қазақстанға әскермен келіп, басып аламыз дегенді меңзеп отыр, деген болжам жасады. Бұл туралы ол желіде жазды деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.  

"Т. Кеосаянға өздігінен Қазақстанға келуіне тиым салынғаны белгілі. Сөйте тұра ол: «Мен түбі өзімнің кеңестік Қазақстаныма келемін. Тағы да қайталаймын, оған биліктен рұқсат та сұрамаймын» деді. Ол Қазақстан билігінің шектеуіне бас қатырмайтынын, өзінің келетініне сенімді. Бұл нені білдіреді? Оның бұл сөзі: «біз түбі Қазақстанға әскер күшімен, қарумен келеміз, күшпен басып аламыз» дегені.

Т.Кеосаянның түбі Қазақстанға келемін дегендегі айтпағы Мәскеуде Қазақстанға бағытталған астыртын бір әскери жоспардың барын жанамалап жеткізгені деуге болады. Меніңше Т.Кеосаян өзінің емес, Қазақстанға әскермен келетінін айтып отыр. Демек Мәскеу Қазақстанға әскер кіргізуге даярланып жатқаны ма?…

Екіншіден, Ресей бас прокуроры Игорь Красновтың Украиндық үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен Қазақстанда да белсенді қимылдаушы русофобиялық ағымдардың (нацистік) барын айтуы алдағы уақытта Қазақстанда да Украин сценариі бойынша "нацистерге қарсы әскери спецоперацияның" қайталануы мүмкін екенін білдіргені ме?…

Екеуінің де айтпағы бір, бірін — бірі толықтырып тұр.
"Дауыл алдындағы ысқырық"
дегеніміз осы-ақ болар. Қапы қалып жүрме Қазақ!

Алдағы уақытта Қазақстандық тиісті мемлекеттік органдар мен министрліктер бұған назар аудармаса Ресейдің ресми органдары мен өкілдерінің тарапынан болып жатқан мұндай елді бұзар мәлімдемелер халық арасында толқулар мен бүліктерге себеп болады. Тіпті осыны күткен қоғамның арасына мазасыздық туғызатын бұғып жатқан арандатушы ішкі күштер де табылуы мүмкін. Мәселен, Ресей прокурорының жазбасын «Қазақстанның Орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» Республикалық бірлестігінің төрағасы, экс депутат Владимир Божконың Facebook желісіндегі парақшасында бөлісуінің өзі іштегі сепараттық күштерге жем тастағаны емей немене..

ҚР ҰҚК, СІМ, Парламент, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар мұны назарға алғандары жөн. Қамдан қазақ!", деп жазды ол.