Қазақстандық бітімгершілер Ирактағы жұмысына кірісіп, 1100-ден астам жарылғыш заттарды залалсыздандырды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық бітімгершілер Ирактағы жұмысына кірісіп, 1100-ден астам жарылғыш заттарды залалсыздандырды

Қазақстандық бітімгершілер Ирактағы жұмысына кірісіп, 1100-ден астам жарылғыш заттарды залалсыздандырды

Ирактағы тұрақтандырушы күштердің құрамына қамтылған Қазақстандық "Қазбат" бітімгершілік батальонының инженерлік-саперлік отряды Ирактағы тікелей міндетіне кірісіп, 1000-нан астам артиллериялық снарядтарды, 100-ге жуық танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы қолданылатын жарылғыш миналарды, сондай-ақ, "ауа-жер" жүйесінде жұмыс істейтін 10 зымыранды залалсыздандырды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен бүгін, 10 -қыркүйекте таратылған хабарламада айтылған.

  • 10 Қыркүйек 2003
  • 610
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, 3-қыркүйекте қазақстандық бітімгершілік батальоны Ирактың оңтүстік-орталық аймағындағы әскери басқаруды көп ұлтты дивизияға тапсыру салтанатына қатысты. 5-қыркүйекте инженерлік-саперлік отряд тікелей міндетін атқаруға кірісті.

Сондай-ақ, жергілікті әуежайдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бөлімше 300 дабылдық миналар орнатты.
Қазіргі таңда топтың басым бөлігі далалық лагерьде орналасып, оны жабдықтау-жайластыру жұмыстарымен айналысуда. Батальон құрамының денсаулық жағдайы жақсы.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Қазақбатальоны» инженерлік-саперлік отряды екі топқа бөлініп 19 және 20-тамызда Кувейтке ұшып кеткен болатын. Мұнда бітімгершілер күн райының өзгерісіне бейімделу сатысынан өтті. Отряд Бағдад қаласынан солтүстік-шығысқа қарай Иран шекарасына таяу жердегі поляктарға қарасты аймақта орын тепкен. Украиналық бітімгершілік топ та осы аймақта орналасты . Қазақстандық бітімгершілік топтың басты мақсаты — жарылғыш заттар құрылған алаңдарды залалсыздандыру және ауыз су көздерін табу болып табылады.

Соңғы жаңалықтар