«Алексей Ни бас бапкер болып тұрғанда Илья Ильинді алдап, үйін тартып алған» - Алмас Өтешов - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алексей Ни бас бапкер болып тұрғанда Илья Ильинді алдап, үйін тартып алған» - Алмас Өтешов

«Алексей Ни бас бапкер болып тұрғанда Илья Ильинді алдап, үйін тартып алған» - Алмас Өтешов

 

  • 15 Шiлде 2022
  • 2822
Фото - Caravan.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан командасының экс-мүшесі, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов Берен Live жобасына берген сұхбатында ұлттық құраманың бас бапкері болған Алексей Нидің 17 жасар Илья Ильинді алдап, үйін тартып алғанын айтты.

«Илья Ильин, білесіздер, 17 жасында ересектер арасында әлем чемпионы болды. Сол кезде оған Қызылорда қаласынан пәтер сыйлады. Одан кейін еліміздің беретін сыйқасы бар, ағаларының сыйлығы бар. Соған Алматыдан үй сатып алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

2008 жылы Олимпиаданың алдында Венгриядан допинг тексеруге келді. Томаш Аянның тікелей адамдары. Сол кезде Алексей Ни Илья Ильинге: «Сен допинг ішкенсің, ты грязный, я буду разводить» деп айтқан. Ол кезде Илья 17 жасар бала, ақшасы жоқ, бірақ сыйға алған пәтері бар. Соны берді Алексей Ниге, «Мына үйімді алыңыз, сіз өзіңіз шешіңіз» деп. Сомен Алексей Ни үйді алып, кейін шештім деді. Ол кезде Илья екеуіміз базада бір бөлмеде тұрамыз. Илья келіп, «Сөйлесті, шешті Алексей Ни» деп айтты.

Содан кейін Ержас Болтаев 2010 жылдан бастап мұны (Илья Ильинді) зерттейді. Айтып тұрмын ғой, өте талантты жігіт Ержас. Сөйтсе, Илья Ильин допинг, ештеңе ішпеген. Тек Алексей Геннадьевич, біздің бас бапкер алдап соққан. 17 жасар баланы. Үйді біреудің атына аударып алған», — деді спортшы.


Кейін Илья Ильин құрамадан кеткен соң Алексей Ниден үйін қайтарып алған.