Павлодардағы "Славян мәдениеті орталығы" ұжымдарының фестивалін Мәскеу үкіметі қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы "Славян мәдениеті орталығы" ұжымдарының фестивалін Мәскеу үкіметі қолдайды

Павлодардағы "Славян мәдениеті орталығы" ұжымдарының фестивалін Мәскеу үкіметі қолдайды

Павлодарда 24-қыркүйекте басталатын "Славян мәдениеті орталығы" ұжымдарының фестиваліне Мәскеу үкіметі қолдау көрсетпекші. Бұл туралы "Славян мәдениеті орталығы"-ның төрайымы Татьяна Кузина хабарлады.

  • 19 Қыркүйек 2003
  • 829
Фото - Caravan.kz

Мәскеу үкіметі шетелдерде тұратын отандастарды қорғау бағдарламасы аясында Ресейге еңбек сіңірген әртіс Надежда Крыгина мен «Русский берег» ансамблінің Павлодарға жасайтын шығармашылық сапарын ұйымдастырмақшы. Курск облысының тумасы Н.Крыгина орыстың халық әндерін орындаушы әртіс. Т.Кузинаның айтуынша, ресейлік әнші орыс халық әндерінің сұлулығы мен Курск өңіріне тән ән шырқау өнерін ешбір өзгеріссіз сақтап қалған.

24-қыркүйекте басталатын «Славян мәдениеті орталығы» ұжымдарының «Алтын күз» атты фестиваліне ресейлік басқа да әртістер шақырылған. Сондай-ақ, 26-қыркүйекте Павлодарда, 25-қыркүйекте Екібастұзда олардың жеке концерттері өтеді.
«Алтын күз» фестивалі екі аптаға созылады. Фестиваль аясында «Славян мәдениеті орталығының» 11 ұжымы Павлодарлықтарға өз шеберліктерін паш етеді.
Павлодардағы «Славян мәдениеті орталығы» 1996-жылы ашылған. Мұнда 11 шығармашылық ұжым мен 10 мүдделік клуб жұмыс істейді.