Ақтөбелік археологтар біздің жыл санауымызға дейінгі 4-ғасырға жататын бірегей олжа тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік археологтар біздің жыл санауымызға дейінгі 4-ғасырға жататын бірегей олжа тапты

Ақтөбелік археологтар біздің жыл санауымызға дейінгі 4-ғасырға жататын бірегей олжа тапты

Ақтөбелік археологтар біздің жыл санауымызға дейінгі 4-ғасырға жататын бірегей олжа тапты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Абыздар отбасының алтын бұйымдарынан құралған бұл олжаны Батыс Қазақстандық кешенді археологиялық экспедиция мүшелері тауып алды. Экспедиция биыл жаз бойы облыстың шығыс бөлігіндегі Елекшар және Қырық оба қорғандарында қазба жұмыстарын жүргізген болатын.

  • 30 Қыркүйек 2003
  • 679
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе облысының атынан экспедицияға Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Қазба жұмыстары барысында 10 қорғанға зерттеу жүргізіліп, олардан тастан жасалған тасаттық құралы, жапсырма алтын түйіндіктер, салпыншақ алқа тәрізді көптеген салт-жоралық бұйымдар табылды.

Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің археология, этнография және география кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Сергей Гуцаловтың KZ-today тілшісіне берген сұхбатында атап көрсеткеніндей, бұл мұрағаттар абыздар отбасына қарасты бұйымдар болуы мүмкін. Олар Ежелгі Иран аумағында жасалуы ықтимал деген жорамал бар. Қазба жұмыстары барысында осындай маңызды олжаға тап болған археологтар бұл бұйымдарды Орал қаласының тарихи-археологиялық орталығына жолдады.