Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Жалпы, үйге бара жатырсыз ба? Мекенжайды білесіз бе?" – деп мысқылдады Жұлдыз.
"Өзің тықпасаң, ұмытпаймын ғой", – дейді Қайрат.
Оған жауап ретінде Әбдікәрімова үйдің мекенжайын жазып жіберетінін айтқан.
Бұдан кейін Жұлдыз әкесі мен балаларының сағынысып қауышқан сәтін желіне жүктеді. Бұған қарап желі қолданушылары Қайратты "отбасына көңіл бөлмейді" деп сынға алды.
"Жұлдыз дұрыс жасап, ойынмен жеткізіп отыр, демек, балаларына дұрыс көңіл бөлмей жүргені", "Дұрыс, түсінетін адам болса, әзілдеп жеткізді", "Әбден мазақ етті-ау", – деп жазды желі қолданушылары.