"Ресей талапты тағы айтты. Қазақстан тағы бас тартты". Саясаттанушы Қостанайдағы өрттің себептерін тұспалдады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ресей талапты тағы айтты. Қазақстан тағы бас тартты". Саясаттанушы Қостанайдағы өрттің себептерін тұспалдады

"Ресей талапты тағы айтты. Қазақстан тағы бас тартты". Саясаттанушы Қостанайдағы өрттің себептерін тұспалдады

Саясаттанушы Асхат Қасенғали Қостанай облысыныдағы орманды алқапты шарпыған өрттің себеп салдарын ашып айтпаса да тұспалдап жеткізді.  

  • 5 Қыркүйек 2022
  • 1027
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"2022 жылы астыққа байланысты әлемде үлкен өзгеріс болды. Ресей мен Украина астықтың әлем нарығына 25-30 пайызын беретін елдер еді. Ресей Украина порттарын бұғаттап, астық алқаптарын өртеп, басқыншылап алған аймақтағы астықты Ресейге тасып, Сирияға жөнелтіп, ашық қарақшылықпен айналысуда. Кейін Ресей әлемде астық тапшылығын жасап, сол арқылы өзіне салынған санкцияларды жеңілдетуге тырысты. Әлі тырысып жатыр.

Осындай сәтте ЕАЭС ішінде де астықты сатуға байланысты бөлініс пайда болды. Ол әрине Қазақстан мен Ресей арасында, себебі ЕАЭС-те астықты көптеп сататын осы екі ел.

Еуразия экономикалық комиссиясының 20 мамырдағы жиналысында Ресей Еуразия экономикалық одағы мүшелерінің барлығы үшінші бір елге астық экспорттауға квота мен баж салығын енгізсін деген талап қойған болатын.

Шетелге астық экспорттауға мүдделі Қазақстан бұл ұсынысқа қарсы шықты. Ал Беларусь астықты сыртқа шығаруды толықтай тыйып тастады. Армения мен Қырғызстан квота мен баж салығын енгізу туралы шешім дайындайтынын айтқан еді. Қазақстан баж салығын енгізуге қарсы шықты, өйткені мұндай шешім жергілікті шаруашылықтарға халықаралық міндеттерін орындауға кедергі жасайды. Қазақстан көптеген елдерге астық сатады. Басты астық сататын елдеріміз Орталық Азия елдері. Өзбекстан биыл бізден астықты көптеп алуға ұсыныс та айтты.

Кейін Ресей талапты тағы айтты. Қазақстан тағы бас тартты.

Украина әлемде 400 млнға жуық адамды астықпен қамтыған екен, енді соғысқа байланысты ол көлем азайды. Алқаптар өртенді, тасымалдау жолдары тарылды, қоймалардың көпшілігі жойылды. Қазақстан тым болмағанда сол Украинадан кейін босаған кеңістіктің 5-10 пайызын алса да олжа…


АЙТПАҚШЫ, Қазақстан астық пен ұн экспорттауға қойылған біршама шектеулерді алу бойынша шешім қабылдады. Ол шешім күшіне 10-қыркүйекте енуге тиіс. Биыл 13 млн тонна астық жинау жоспарлануда, өткен жылғыдан 12 пайызға артық. Ішкі тұтынуға 6.5-7 млн тонна кетеді, қалғаны сыртқа. 50 пайызы экспортқа деген сөз ғой. Осындай сәтте өрт…Астықты өңірде өрт.

Біздікі жай ғана ой! Жай ғана ой",- деп жазды саясаттанушы. 

 

Қостанайда өрт болып жатыр. Осы сәтте ресейлік бірқатар арналар былай дейді: “Қазақстанның солтүстігіндегі Қостанай…

Posted by Ashat Kasengali on Sunday, September 4, 2022