Петропавлда ұлттық компаниялардың басшыларының қатысуымен үкіметтік кеңес өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда ұлттық компаниялардың басшыларының қатысуымен  үкіметтік кеңес өтеді

Петропавлда ұлттық компаниялардың басшыларының қатысуымен үкіметтік кеңес өтеді

17-қазанда Петропавлда ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов ұлттық компаниялардың басшыларының қатысуымен үкіметтік кеңес өткізеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Қазан 2003
  • 477
Фото - Caravan.kz

Кеңесті өткізудегі басты мақсат — Қазақстандық кәсіпорындардың ірі жобаларға атсалысу үлесін арттыру, Қазақстан экономикасын өнім экспорттауға және өндіріске халықаралық стандарттарды енгізуге бағыттау болмақ.

Сондай-ақ, үкімет басшысы Солтүстік Қазақстан облысын жұмыс бабымен аралап, аймақтағы бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысады.