Кеше, 7 қыркүйекте сағат 13.08-де Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығының бөлімінен Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы аумағында орман алқабында өрт шыққаны, өрттің Павлодар облысының аумағына таралу қаупі бар екені туралы хабарлама келіп түсті.
Мұның алдын алу үшін Баянауыл ауданына Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінен төрт техника мен 11 өрт сөндіруші, жергілікті атқарушы органдардан 66 адам мен 13 техника жөнелтілді.
Қарағанды облысының іргелес аумағына жеткенде үлкен аумақта құрғақ шөп пен бұталардың жанып жатқаны анықталды. Ауа райы жағдайына, яғни құрғақ ауа райына, екпінді желге байланысты өрт аумағы Павлодар облысымен шекараға қарқынды түрде ығысып бара жатты.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт Павлодар облысының аумағына таралған жоқ.