Бұл гранттар елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ, білім беру, мәдениет және БАҚ-тарды қолдау бағытындағы бағдарламаларға бөлінеді.
Қор тарапынан қаржыландырылып отырған тағы бір жоба — қоғамдық белсенділігі жоғары ауыл мектептерін қолдау жобасы болып табылады. «Мектеп- жергілікті қоғамдастық орталығы» деп аталған ашық байқаудың нәтижесінде еліміздің 8 аймағынан 19 мектепке жалпы көлемі 112 мың доллардың гранты бөлінді.
Сондай-ақ, «Сорос-Қазақстан» қоры Махмуд Әл-Қашғаридің «Диван Лугат ат-Турк» атты үш томдық шығармалар жинағын қаржыландырады.
«Сорос-Қазақстан» қоры Қазақстанда 1995-жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы мерзімде қор еліміздің үкіметтік емес ұйымдарына 30 млн.-нан астам доллардың қаржысын бөлді. Қор азаматтық қоғамды дамыту саласындағы қоғамдық ұйымдардан бастап, шағын және орта бизнес және «үшінші сектор», мәдениет және БАҚ саласын қолдайды .
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр