Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғарыш кемесі жерге оралғаннан кейін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао ғарышкерді сапарының сәтті аяқталуымен құттықтады.
ҚХР-ның ұшуларды басқару орталығы ғарыш сапарын табысты өтті деп жариялады.
Орбитада болған мерзімде ғарыш кемесі Жерді 14 мәрте айналып өтті.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 15-қазанда ҚХР өз тарихында тұңғыш рет «Шэньчжоу-5» деп аталатын пилотты ғарыш кемесін ұшырған болатын.
38 жастағы Ян Ли Вэй Қытай тарихына тұңғыш ғарышкер ретінде жазылды. Ғарыш кемесі кеше жергілікті уақытпен 9 сағатта ұшырылған. «Шэньчжоу-5» Қытайдың солтүстік -батыс бөлігінде, Пекиннен 1 мың шақырым қашықтықтағы Гоби шөлінде орналасқан Цзюцюань ғарыш айлағындағы ғарыштық базадан аспан кеңістігіне жол тартты.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр