Си Цзиньпин Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Си Цзиньпин Қазақстанға келеді

Си Цзиньпин Қазақстанға келеді

 

  • 12 Қыркүйек 2022
  • 435
Фото - Caravan.kz

14 қыркүйекте Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 14 қыркүйекте елімізге Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді. 

Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр", — делінген хабарламада.