Жатақхана орындарының тапшылығы қашан шешіледі - министр жауабы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жатақхана орындарының тапшылығы қашан шешіледі - министр жауабы

Жатақхана орындарының тапшылығы қашан шешіледі - министр жауабы


Ғылым және жоғары білім министрлігі 2029 жылға қарай жатақхана тапшылығын толығымен жоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

  • 13 Қыркүйек 2022
  • 14
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, қазір жатақхана орындарының тапшылығы Алматы қаласында қатты сезіледі. Себебі мегаполисте 35 университет шоғырланған. 200 мың студент білім алады, оның 70%-і өңірлерден келгендер.

"Қазір ең үлкен мәселе – Алматы қаласында. Шамамен 19-20 мың төсек-орын жетіспей тұр. Студенттердің отыз пайызы Алматыдан, жетпіс проценті басқа өңірлерден. 2026 жылға дейін жатақхана орындарының жетіспеушілігін 70-80% жабу жоспарда бар. Ал 2029 жылға қарай 100 пайыз жабатын боламыз", — деді Саясат Нұрбек үкімет кулуарында.

Ол жатақханасыз қалған студенттер үшін жедел штаб құрылғанын атап өтті.


"Далада қалып қойған кез келген бала жедел штабқа хабарлассын. Штаб 24 сағат бойы жұмыс істейді", — деді министр.