Елбасы Екібастұздағы "Богатырь" разрезіндегі "Богатырь Аксес Көмір" ЖШС-де болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Екібастұздағы "Богатырь" разрезіндегі "Богатырь Аксес Көмір" ЖШС-де болды

Елбасы Екібастұздағы "Богатырь" разрезіндегі "Богатырь Аксес Көмір" ЖШС-де болды

Бүгін, 17-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Павлодар облысына жасайтын екі күндік жұмыс сапары аясында Екібастұзға келді. Елбасы мұнда ең алдымен "Богатырь" разрезіндегі "Богатырь Аксес Көмір" ЖШС-де болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Қазан 2003
  • 1187
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС-нің бас директоры Деннис Прайспен кездесті. Ол Елбасына компанияның болашақ мақсаттары туралы әңгімелеп берді.

«Богатырь» разрезінде қазір Екібастұздағы көмір кеніштерін дамытуға бағытталған «Екібастұз көмірі » атты бағдарлама аясында бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Біріншіден, бұл — көмір өндіру көлемін арттыру мен оның бәсекелестік қабілетін сақтап қалуға, яғни, оның өзіндік құны мен бағасын арзандатуға бағытталған жұмыстар болмақ. Екіншіден, көмір сапасын арттыруға бағытталған шаралар. Үшіншісі, қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға бағытталған экологиялық
жобалар .
Үстіміздегі жылдың мамыр айынан бері көмірді темір жол арқылы еліміз аумағында тасымалдауға 0,85 проценттік азайтқыш коэффицент белгіленді. Сондай-ақ, «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС өкілдерінің пайымдауынша, көмір өндіру технологиясын жетілдіріп, ескірген жабдықтарды жаңаламайынша, көмірдің бәсекелестік қабілетін арттыру мүмкін емес. Атап айтсақ, қазіргі жағдаймен бұған дейін біршама қымбатқа түсетін дизельдік отынмен жұмыс істеп келген теміржол көлігін электр сүйретпеге көшіру жұмысы аяқталды. Биылғы жылдың маусым айында разрезде MAN TAKRAF атты неміс фирмасының жүкті ауыстырып тиегіш қазбалық құрылғысы іске қосылды. Ол екі роторлы экскаватормен сапалық көрсеткіштері әртүрлі кендерден конвейерге бір уақытта көмір тиеген кезде оларды араластырып, орташа сапалы көмір шығаруды қамтамасыз етеді. Компания болашақта «Богатырь» және «Северный» разрездерінің жалпы қуатын арттыруды көздеп отыр.
Н.Назарбаев компанияның жоспарлары мен инвестициялық бағдарламалары өз көңілінен шығатынын айта отырып, оларды жүзеге асыруда табыс тіледі.
2003-жылдың қаңтар-қыркүйек айларында «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС тұтынушыларға 22924,4 мың тонна, немесе 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 119 процент көлемінде көмір жөнелтті.
«Богатырь» разрезі 1970-жылы пайдалануға берілген. Ал 1996-жылдың қараша айынан бері Американдық «Аксес Индастриз Инкорпорейтед» компаниясының басқаруында. «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС аталмыш компанияның салалық кәсіпорны болып табылады. 1999-жылы «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС-нің құрамына «Северный» разрезі де қосылды.

Соңғы жаңалықтар