"Айгүл Орынбектің саяси сауатсыздығына өте таң қаламын": Заңгердің Рим папасы туралы жазбасы сынға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Айгүл Орынбектің саяси сауатсыздығына өте таң қаламын": Заңгердің Рим папасы туралы жазбасы сынға қалды

"Айгүл Орынбектің саяси сауатсыздығына өте таң қаламын": Заңгердің Рим папасы туралы жазбасы сынға қалды

Facebook-те Жайна Бекмұратқызы есімді желі қолданушысы белгілі заңгер Айгүл Орынбектің бүгінгі жазбасын сынға алды. Нақтырақ айтқанда Рим Папасы туралы постын саяси сауатсыздыққа теңеді.

  • 14 Қыркүйек 2022
  • 1290
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Айгүл Орынбектің саяси сауатсыздығына өте таң қаламын.

Папа Римский Судандағы Басшылардың аяғын не үшін сүйді? Ол жақтағы конфликттің артында өзі тұрғанын не ужели бұл әйел білмейді?
Қай жерде про Ресейлік басшы жүреді, соның артында Рим Папасы тұрады.

Башар Асадтың артында кім тұрған еді? Әлбетте Ватикан. Ресей мен Украинаның артында кім тұр? Әрине Ватикан.

Украиндықтар беріліспей жатқасын, Ресей ұтыла бастағанын көріп, Папа Римский жетіп келді. Бейбітшілікті айтып.

Келісімге келіңдер деп. Келісімі сол,Ресейдің қойған талабына көніңдер деуі үшін. Украиндықтарға емешесі құрығаннан емес. Ресейдің абыройы үшін келді.

Судан да да, про Ресейлік тағайындаған басшысы жеңіле бастағанын көріп, бейбітшілік жасаңдар деп, қалай да про Ресейлік басшыны қою үшін абырой үшін еңкейіп сүйді. Мигранттарды әлбетте сүйеді.. себебі артында өзі тұр. Сол соғыстың.

Не ужели наивная тым біздікілер?
Қаншама мұсылмандардың өлімінің артында тұр.
Қаншама банктың артында осылар тұр.
Не ужели ізденістерің тым таяз, бергі бетпен өмір сүріп жүрген адамсыңдар?",- деп жазды Жайна Бекмұратқызы. 

Сондай-ақ автор белгілі заңгердің заңгерлік әрі қоғамдық жұмыстарын да сынап тастаған. Ол заң бұзып, жеңіл ақша тапқысы келгендерді қорғап жүр деген мағынада ой айтты.


"Взятка беріп, үй кезегіне ілесе алмағандарды қорғап жүрген Айгүл Орынбек, несіне қоғамға көмектесіп жүрмін?-деп, қиялдайды?

Олар кім соншама кезектен тыс өтуі үшін ақша ұсынып кіріп кететіндей? Басқалардан қай жерлері артық? Өздерін өртеп жібереді ме? Жылайды ма? Өздері білсін. Кім оларға жеңіл ақша тап деді? Кім оларға сондай қылмысқа бар деді? Бұл қорлауым емес. Ақиқатым.",- деді автор.

Еске салсақ, заңгер Айгүл Орынбек Рим Папасының келуіне орай оны мазақ еткендерді сынға алып, жазба жариялаған болатын. "Рим папасын мазақ етіп, жақын күндері өркениетті елдер қатарына кірмейтінімізге көзім жетті”, —  деген еді заңгер. 
 

https://www.facebook.com/zhaina.bekmukhambetqyzy/posts/pfbid03iPN6m4Cetr6jMgLE639cJpGYEiobwoG3QTESjMACoWGbbjznajKMWZt3jtFejXCl