Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда жалпы несиелік қоржынның проценттік өсімі есебінен проценттік жалпы өсім мөлшері 50 процентке артып 5209 млн. теңгені құрады. Сыйақыға қатысы жоқ комиссия мөлшері 48%-ке артып, 1501 млн. теңгеге жетті.
«ЦентрКредит банкі» ААҚ-ның активтері жыл басынан бері 48%-ке артып, 75,4 млрд. теңгені құрады. Ал банктің несиелік қоржыны 50 млрд. теңгеге жетіп, жыл басынан бері 41%-ке, ал өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 60%-ке өсті.
2003-жылғы 1-қазандағы жағдаймен банктің жарғылық қоры 4,5 млрд. теңгені құрап, бұл көрсеткіш 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 52%-ке артты. Банктің жеке капиталы үстіміздегі жылдың 9 айында 51%-ке артып, 9,3 млрд. теңгені құрады. «ЦентрКредит банкі» ААҚ еліміздегі ірі 5 банктің санатында. 2003-жылдың 1-қазанындағы жағдаймен еліміз бойынша банктің 19 салалық бөлімшесі мен 62 есеп-кассалық бөлімшесі жұмыс істейді.
Халықаралық Moodys Investors Service рейтинг агентігі «ЦентрКредит банкі» ААҚ-на шетелдік валюталар бойынша банк депозиттеріне қатысты Ва2 деңгейіндегі ұзақ мерзімді рейтинг берген.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
7 Мамыр
Жаңалықтар
7 Мамыр
Мәдениет
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр