"Күнәға белшесінен батқандар мешіт салса, күнәсі кешіріледі деген топас түсінік бар екен" - Сәуле Әбілдаханқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күнәға белшесінен батқандар мешіт салса, күнәсі кешіріледі деген топас түсінік бар екен" - Сәуле Әбілдаханқызы

"Күнәға белшесінен батқандар мешіт салса, күнәсі кешіріледі деген топас түсінік бар екен" - Сәуле Әбілдаханқызы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы күнәға белшесінен батып, мешіт салатындарды сынға алды.

  • 15 Қыркүйек 2022
  • 1590
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Елімізде мешіттер неге тым көбейіп, адамдар неге толассыз, жарыса мешіт салып жатыр десем, күнәға белшесінен батқандар мешіт салса, күнәсі кешіріледі деген топас түсінік бар екен ғой…

Қайтейін-ай, қайтейін… Олар Алла Тағала күнәні кешіріп, сауаптан жазатын маңызды шаралардың тым көп екенін білмейді ғой… Құранды оқымаса, қайдан білсін?!. Қасындағы ақылман, данышпан кеңесшілері де, сәлделері дағарай болған дінбасылары да күнәні жуып-шаюдың мектеп салу, көпір салу, жол салу, баспанасызға баспана салу, халыққа қайырымдылық жасау сияқты мың сан жолы барын айтпаған ғой", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.