Иранда хиджабты дұрыс тақпағаны үшін қамауға алынған қыздың өлімінен кейін жаппай наразылық басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иранда хиджабты дұрыс тақпағаны үшін қамауға алынған қыздың өлімінен кейін жаппай наразылық басталды

Иранда хиджабты дұрыс тақпағаны үшін қамауға алынған қыздың өлімінен кейін жаппай наразылық басталды

Иранда қатаң діни заңдар мен дін қызметкерлердің үстемдігіне қарсы үлкен наразылықтар  басталды. 

  • 19 Қыркүйек 2022
  • 94
Фото - Caravan.kz

Оған хиджабты дұрыс тақпағаны моральдық полиция ұстаған 22 жастағы ирандық Махса Аминидің өлімі себеп болды, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы "Коммерсант" басылымына сілтеме жасап.

Бойжеткен Тегеранда ағасымен бірге метродан шығып бара жатқанда ұсталған. Одан кейін Иранның қауіпсіздік күштері Амини ханымның хиджаб кию курсынан өтіп жатқан кезде абақтыда жүрек талмасынан кенеттен құлап, ауруханаға жеткізіліп, комаға түскені туралы мәлімдеме таратты. Жұма күні, 16 қыркүйекте оның қайтыс болғаны туралы ресми ақпарат тарады.

Иран билігіне жақын ақпарат құралдарының хабарлауынша, қыз эпилепсия және басқа да аурулармен ауырған. Алайда оның отбасы бұл ақпаратты жоққа шығарады. Олардың айтуынша, Амини мүлдем дені сау жас келіншек болған және ешқандай жүрек ауруымен дертті болмаған Олардың пайымдауынша, өлім уақытша ұстау изоляторындағы соққының салдарынан болған.

Қызды жерлеу рәсімі оның туған қаласы Секкезде, сондай-ақ Иран Күрдістанының әкімшілік орталығы Сенендей қаласында наразылық тудырды. Ирандық құқық қорғау ұйымдарының мәліметінше, қауіпсіздік күштерімен қақтығыс кезінде 30-дан астам адам жараланған. Шерушілер Әли Хаменеидің плакаттарын жыртып, «Диктаторға өлім!» және «Ұят болды!»,- деп ұрандатты.


Иранның оппозициялық ақпарат құралдары жексенбі күні Тегеран университетінде өткен наразылық шеруі туралы хабарлады. Студенттер парсы және күрд тілдерінде плакаттар ұстап тұрды, оның ішінде «Мен өлгім келмейді!» деген жазу бар. және «Қаның тапталмайды!», сондай-ақ «Әйелдер, өмір және бостандық», — деген жазулар бар.